Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. 

Кездесудің мақсаты жастарға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңыздылығын түсіндіру.

Кездесу барысында судья Н.Еламанов Елбасы мақаласында айтылған бағыттарды орындау мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, мақала ұлттарды біріктіретін, жаңа тарихи құжат екендігін атап өтті. Мақалада дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру арқылы азаматтардың бәсекеге қабілетті  жаңа ұрпақ тәрбиелеу  әдісіне баса назар аударылғанын айтты.

Сондай-ақ, кездесуде сот маманы М.Наршаева одан басқа, сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы, аудио-бейне жазба, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау және тағы басқа жаңалықтар туралы айтып өтті.  

Іс-шара аяқталғаннан кейін жастар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, осы күні өздеріне ұмытылмас пайдалы ақпарат алғандары туралы пікірлерін айтты.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі