Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың сотына ЮНИСЕФ-тің халықаралық маманы келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшы Анита Рамшак келді.

Кездесудің мақсаты білім беру, әлеуметтік сақтандыру және медицина салаларында туындаған мәселелерді анықтау, басшылармен және әлеуметтік қызметкерлермен сұхбаттасып, өз жұмыстарында туындайтын мәселелерді анықтау. 

Шара барысында сот төрағасы қонақтарды сот мәжіліс залдарымен, психолог бөлмесімен және сот ғимаратында орналасқан заманауи технологиялармен таныстырып өтті.

Кездесу соңында халықаралық сарапшы Анита Рамшак сот төрағасына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының баспасөз қызметі