Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Шара барысында Қ.Бержанов сот өндірісіне жыл басынан бері әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық істердің көбейіп бара жатқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда сот өндірісіне 2017 жылдың 4 айында аталған санат бойынша 41 талап арыз түскен.

Қ.Бержанов осы істердің біріне тоқталды. Талапкер Х. сотқа әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы талап арыз беріп, онда жауапкер С-мен 2008- 2010 жылдар аралығында азаматтық некеде тұрғанын, жауапкерден кәмелетке толмаған баласы барын, бастапқы уақытта жауапкер әкелігін мойындағанын, 2 жасқа дейін баланы жауапкермен бірге тәрбиелегенін, алайда қазіргі уақытта әкелігін мойындамайтынын, баланың тәрбиесімен айналыспайтынын, оны асырап бағуына көмек бермейтінін көрсетіп, соттан кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелікті анықтап, алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер талапты мойындамауына байланысты, сот ұйғарымымен сот молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындалды. Тараптардан қан үлгілері алынып, Алматы қаласының сот  сараптама институтына жолданған.

Сот  сараптама институты маманының қорытындысына сәйкес  жауапкер С. 99% пайызға кәмелетке толмаған баланың әкесі болып табылды.

Осыған орай сот шешімімен жауапкер Х-ның талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Брифинг соңында төраға м.а Қ.Бержанов іс бойынша қойылған БАҚ өкілдерінің сауалдарына толық жауап қайтарды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі