Қызылорда қаласының № 2 сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі Мадина Жүсіпбекова сот отырысының хатшыларына Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 347-1 бабында көзделген, яғни басты сот талқылауын аудио-бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу талаптарын бұлжытпай орындаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Семинарға қатысушылар сот отырысы аудио-бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жүргізілетіні сот отырысының хатшысының жұмысын жеңілдетіп, уақытты үнемдеумен бірге сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын да білдіретінін айтты.

Жиын соңында кеңсе меңгеруші М.Жүсіпбекова сот отырысының хатшыларының  тақырып аясында қойған сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі