Қызылорда қаласының № 2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматшаны Қызылорда қаласының №2 сотының  төрағасы Ә.Абу қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға келген Байқоңыр қаласының тұрғыны К., баласының түрмеде жатқанына 8 жыл болғанын, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға уақыты келіп тұрғанын, түрме мекемесінен баласының құжаттары сотқа түскен жағдайда қалай болатынына алаңдаулы екенін айтып, сол жөнінде заңдылықтарын  сұрады.

Қабылдауда болған К-ға заң нормалары түсіндіріліп, сауалдарына жауап  берілді.      

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі