Қызылорда қаласының № 2 соты медиацияны жетілдіру мақсатында Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты медиацияны дамытуда қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, қалыптасып отырған тәжірибе туралы ақпарат алмасу, дауларды реттеудің баламалы әдістері саласында әдістемелік және ақпараттық материалдар, бір-біріне ақпараттық қолдау көрсету мен семинарлар, конференциялар өткізу  болып табылады. 

Осыған дейін де медиацияны насихаттауда сот ұжымы тарапынан семинар, «дөңгелек үстелдер» өткізілген болатын.

Ортақ келісімде тараптар көпшілікке медиацияны түсіндіру бойынша жұмыстарға белсене араласатындарын, сондай-ақ, БАҚ арқылы насихаттау жұмыстары да үнемі жүргізетінін айтып өтті.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі