Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаевтың, алқа судьялары Светлана Нағашыбайқызы Жуынтаева мен Жанат Әнуарқызы Оспанованың және қалалық сот төрағасы Мұхтар Жүсіпбекұлы Еркінбековтің, судьялар, кеңсе меңгерушісінің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жедел кеңесте облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаев соттың 2017 жылдың 6 айындағы сот әділдігін іске асыру барысында атқарған жұмыстардың статистикалық мәліметтеріне тоқталып, салыстырмалы түрде талдау жасады. Атап айтқанда, азаматтық істерді қарауда медиация рәсімін қолдану, сырттай шешімдерді қабылдау тәжірибесі мен талап қою арыздарын қараусыз қалдыруға байланысты сот тәжірибесі талданды.

Облыстық соттың судьясы С.Н.Жуынтаева заң талабымен қарастырылған талап арызды қараусыз қалдырудың негіздеріне тоқтала келе, апелляциялық сот алқасында азаматтық іске қатысушылардың жеке шағымдары негізінде қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымдарының күші жойылған нақты мысалдарға тоқталды.

Облыстық соттың судьясы Ж.А.Оспанова апелляциялық сатыға жолданатын істердің рәсімделуі, дәлелдеме құжаттардың іске тіркелуі және басқа да сұрақтар бойынша нақтырақ тоқталып, орын алып отырған кемшіліктер жайлы айтты.

Жұмысты талапқа сай ұйымдастыру үшін облыстық сот тарапынан жасалып жатқан шаралар нақтыланып, істерді қарау сапасын көтеру мақсатында тапсырмалар берілді, ұсыныстар талқыланды.

Сот төрағасы мен судьялар жедел кеңестің жұмыс барысына оңтайлы ықпалы болғандығын айтып, кемшіліктердің назарға алынатындығын білдірді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі