Қызылорда қалалық сотында «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау » тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова мен судьялардың қатысуымен «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу АПК-тің 55 тарауымен реттелгендігін, онда қайта қараудың негіздері толық көрсетілгендігін айтты.

Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер болып табылады.

Жаңа мән-жайларға істі қарау және шешу кезінде преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін жою, сот актісі шығарылғанда негізге алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы жатады.

Сот төрағасы судьяларға істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау туралы арыздарды қарауда заң талаптарын  қатаң сақтауды тапсырды.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі