Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы Б-ның жауапкер И-ға заңды некені бұзу, ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында судья К.Сәдуақасова тарапынан талап қоюшы Б-ның жауапкер И-ға дауды партисипативтік тәртіппен шешу жөніндегі құқықтары түсіндірілді.

Осыған орай, талап қоюшы мен жауапкердің сенім хат негізінде әрекет етуші адвокаттары даудың ортақ мүлікті бөліп беру бөлігіне қатысты дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрап арыз келтірген.

Қызылорда қалалық сотымен талап қоюшы Б-ның жауапкер И-мен араларындағы заңды некені бұзу туралы талабы бойынша талапты қанағаттандыру туралы сот шешімі қабылданып, ортақ мүлікті бөлуге қатысты бөлігімен тараптар арасында жасалған дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісімдері бекітілді, іс бойынша талаптың осы бөлігнде іс жүргізу тоқтатылды.

Шешім, ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі