Қызылорда қалалық сотында «Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті.    

Кеңсе меңгерушісі Н.Дүйсенова АПК пен Ереженің талаптарына сәйкес істі апелляциялық сатыға жолдауға қойылатын талаптарға тоқталып, жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, ҚР АПК талаптарын сақтамай рәсімделген істер бойынша нақты мысалдар келтіріліп, сот отырысының хатшылары түсініктерін берді.

Семинар сабағының қорытындысымен осы бағыттағы жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар бекітілді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі