Қызылорда қалалық соты заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында талапкер А-ның жауапкер  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бұрынғы вахталық әдіспен автокөлік жүргізушісі лауазымына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы талап арызы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, ЖШС-нің мердігері болып табылатын АҚ-ның кеніш орнында автокөліктен пластикалық ыдыстарға құйылған жанар-жағармай табылып, ұрлық орын алғаны туралы актіде жанар-жағармайды ұрлаған басқа адамның аты-жөні көрсетілген. Ал, талапкер сәйкесінше түсініктеме жазып берген.

Осы жайттардың негізінде талапкер А. мен жауапкер мекеме арасындағы еңбек шарты 2016 жылдың 01 қыркүйегінде қабылданған №21 бұйрық негізінде жұмыс орнында кінәлі әрекеттер жасағаны, ішкі еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес бұзылған.

Қызметкердің ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсетіп, кінәлі әрекеттер жасаған жағдайда ғана, егер бұл әрекеттер жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса, жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға негіздеме ретінде қолданылады. Ал, талапкердің еңбек шартында не қызметтік нұсқаулығында оның ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететіні туралы көзделмеген.

Соттан талапкер А. жауапкер мекемемен зейнеткерлік жасқа бір жылдан аз уақыт қалғанда заңсыз еңбек шартын бұзылғанын, бұрынғы лауазымына қайта орналастыруды және лажсыз бос жүрген уақытына тиісті жалақысын өндіруді сұраған.

Жұмыс беруші тарапынан ұрлыққа оқталу фактісі бойынша нақты кінәлі тұлғаларды анықтауға байланысты әрекеттер жүзеге асырылмаған, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілмеген, тек баянат негізінде түсініктеме алумен шектеліп, талап қоюшымен заңсыз жеке еңбек шартын бұзған.

Сот шешімімен талапкер А-ның талап қою арызы қанағаттандырылып, лажсыз бос жүрген уақытына жалақысы өндірілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі