Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушы О-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған сотталушы О. өзінің танысы  кәмелетке  толмаған Н-мен  кездесіп,  айналасында  бөгде  адамдардың  жоқтығын  пайдаланып мектеп  ғимаратына кіріп, асхананың терезесін  сындырып,  ішінен 1 қорап құрт, 144 дана шоколадты жасырын  жымқырған. Осы  кезде кәмелетке толмаған Н.  бөгде  адамдардың  келіп  қалмауын бақылап тұрған.

Сөйтіп, кәмелетке толмаған сотталушы О. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармағында  көзделген қылмыс жасаған.

Сот қаулысымен сотталушы О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі