Қылмыстық сотта семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе қызметкерлері арасында "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығын оқып үйрену бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинарда баяндамашы болған сот приставы Жиенқожа Нұркен сот қызметкерлерін мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесімен таныстырды, осы бұйрыққа қосымша №1-ЖС карточканы толтыру еңгізілгендігін айтып, оның әр бір бөлігіне тоқталып, мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздерін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева күн тәртібі бойынша жасалған баяндаманы қорытындылап, мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптарды сақтап, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуды тапсырды. 

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі