Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» қала тұрғыны, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші А.Абуталипова келіп, іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу жөнінде сұрақтар қойды.

Қабылдауды жүргізген сот төрағасының міндетін атқарушы Сабыров Асхат Аббасұлы қойылған сұрақтарға жауап берді.  

«Ашық есік күні» - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сотпен бекітілген кестеге сәйкес  іс-шара айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі