Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен айыпталған сотталушылар М. мен А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар М. мен А. алкогольді еліту күйлерінде, жәбірленуші Н-ның тұрғын үйінің ауласына заңсыз кіріп, аулада тұрған кран автокөлігінің аккумуляторын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 40 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Басты сот талқылауында, сотталушылар мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.    

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен  айыпталған сотталушылар М. мен А. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігімен Медиация заңына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі