Қылмыстық іс көшпелі түрде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев Жаңақорған кентіндегі «Достық үйінің»  мәжіліс залында қылмыстық істі көшпелі түрде қарады.

Кәмелетке толмағандармен жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі сот отырысына БАҚ өкілдері, мұғалімдер және жергілікті халық қатысты.

Сотталушы А-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы Е. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен бірнеше рет қоймаға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып ұрлық жасағаны үшін, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 27.04.2017 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасы тағайындалып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»  Заңының 2-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сай, тағайындалған жазадан босатылған.

Сөйтіп сотталушы А. кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамай, ҚР ҚК-нің 140 бабының 1 бөлігіндегі қылмысты жасаған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 140-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 53025 теңге  көлемінде  айыппұл жазасы  тағайындалды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі