Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Р. бұрын кәмелет жасқа толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған, алайда бір жыл мерзімде қайталап кәмелетке толмаған баласына  түнгі уақытта қоғамдық орында заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген.

Сот қаулысымен  азаматша Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 23 825 теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі