Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған қызы қоғамдық орында шемішке шағып, оның қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабында көзделген ұсақ бұзақылық әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасаған.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11118  теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі