«Қосымша жазалардың орындау мәселелері» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында «Қосымша жазалардың орындау мәселелері»  тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

"Дөңгелек үстелге" кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова, қалалық прокуратурадан А.Саркөбен, Қызылорда ОІІД-нің кадр басқармасынан А.Төлеуов, ЗК-169/1 мекемесінен инспектор Т.Таңсықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінен А.Кожбанова, Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторлары Д.Балғабаев, Ж.Ерназар және сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында  Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман –сот отырысының хатшысы Е.Сулейменов баяндама жасап, онда сот актілеріндегі қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан  айыру  түріндегі жазалар қолданылып, заңды күшіне енген сот актілері орындауға жіберіліп отыр. Белгілі бір лауазымдарды  атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар  органдар  орындайтынын  айтып өтті.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар қосымша жазалардың орындау мәселері  бойынша өзара пікір алмасып,  талқылады.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі