Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен айыпталған Тәжікстан Республикасының азаматы Н-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Тәжікстан Республикасының азаматы Н. Қазақстан Республикасына келіп ішкі істер органына тіркелген .

Алайда, құқық бұзушы көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі