Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық соты құқық бұзушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік іс қаралды.

Әзірбайжан Респуликасының азаматшасы бола тұра, құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасына өтіп,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тіркеуге арналған бес күнтізбелік күн өткеннен кейін үш тәуліктен аса ішкі істер органдарында тіркеуге тұрусыз Қазақстан Республикасында болған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34 035 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі