Көлік құралын жүргізу куәлігі жоқ бола тұра басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Қ. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, ҚР жол жүрісі Қағидасының талаптарын бұзып, Қызылорда қаласы, Бектұрғанов көшесінің бойында автокөлікті алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қ. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған салынатын 200 АЕК көлеміндегі 453800 теңге 30 пайызға қысқартылып, 317660 /үш жүз он жеті мың алты жүз алпыс/ теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі