Көлiк құралын тоқтату туралы талапты орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы У. 12.03.2015 жылы Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, қайтадан Төретам кенті, Ғ.Мұратбаев көшесінде автокөлігін басқарып, ішкі істер органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай тоқтамай құқық бұзушылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап берген жауабында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығын және полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамағанын көрсетті.

Сондықтан сот, У-ды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігінде  көрсетілген құқық бұзушылық жасады деп танып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш, яғни 45 380 теңге әкiмшiлiк айыппұл салынды.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі