Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бас бостандықтары шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар Ж., Б., М. мен К. бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында автобус аялдамасының жанында кетіп бара жатқан кәмелетке толмаған жәбірленушілер О. мен Н-ны көріп, жәбірленушілердің жанына барып, оларды көп қабатты үй ауласында орналасқан темір гараждарға апарып, жәбірленуші О-дан құны 25 000 теңге тұратын «Samsung Star plus» ұялы телефонын тартып алған, содан кейін және сотталушы Ж. кәмелетке толмаған жәбірленуші Н-ға бірнеше рет соққылар жасап, оның 50000 теңге тұратын «LG» маркалы ұялы телефонын тартып алған.

Сөйтіп кәмелетке толмаған сотталушылар ҚР ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарында көзделген қылмысты жасаған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушылар ҚР ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып 1,2 және 3 жыл мерзімге бас бостандықтарынан шектелді.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі