Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары арасында ҚР ӘҚБтК-ң 44-тарауындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау және 45-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды апелляциялық тәртіппен қайта қарау барысында туындаған мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судья О.Абдукаликов статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға сотта 2017 жылы ҚР ӘҚБтК-ң 44 тарауы бойынша барлығы 16 шағым түскенін, оның ішінде 9 шағым қаралып, ал 7 шағым кері қайтарылғанын, 45 тарауы бойынша барлығы 44 шағым түскенін, оның ішінде қазіргі таңда 33 шағым қаралып,  4 шағым кері қайтарылғандығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында судьялар аталған тақырып бойынша істерді қарау барысында туындаған мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі