Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат  Н-ке  қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н. әйелі С-ға балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық  білдіретін  іс-әрекеттерді  жасаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, әйелімен ұрысып-керісіп қалғанын растап, оған шын жүректен өкінетінін, қазіргі таңда әйелімен өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, әкімшілік жауаптылықтан босатуды, жәбірленуші С. өзінің күйеуінің сөздеріне қосылып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Құқық бұзушы Н-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс, жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне және ҚР ӘҚБтК-ң 64 бабына сәйкес өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушы әкімшілік  жауаптылықтан  босатылды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі