Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында азамат C-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы C. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі