Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат Б-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. азаматша А-ның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына және қасақана жеңіл зиян келтіргеніне байланысты, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Сот отырысында азамат Б-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Аудандық соттың қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 34 035 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі