Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Қ.Т.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Т-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, не басшысының өзіне сеніп тапсырылған обьектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін аудандық ІІБ ЖПҚ-ның инспекторымен Әйтеке би кентіндегі орта мектеп директоры Т-ға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Сот отырысы барысында куәлердің жауаптары, жинақталған құжаттар зерделеніп, азамат Т-ның әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екендігі анықталды.

Сот қаулысымен азамат Т-ның әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Брифинг соңында судья Қ.Т.Мыханов тілші тарапынан әкімшілік іс бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі