Қазалы аудандық соты сот қызметкерлерін құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотының ұжымы аудандық соттың қызметкерлері Гүлсім Өмірзақ және Сағындық Жәдігерді құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Құттықтау сөзінде аудандық соттың төрағасы Қайыргелді Темірбаев Гүлсім Өмірзақты сот саласында 27 жылдан астам адал, жауапты жұмыс жасағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Гүлсім Өмірзақ пен Сағындық Жәдігерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, көп жылғы еңбектері  үшін арнайы құттықтау адресаты мен сыйлықтарды табыстады.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі