Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұзғаны үшін мейрамхананың иеленушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы Ш-ға қатысы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, өзіне сеніп тапсырылған обьектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін аудандық ІІБ ЖПҚ-ның инспекторымен мейрамханаға оның иесі жеке кәсіпкер Ш-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Сот отырысы барысында куәлердің жауаптары, жинақталған құжаттар зерделеніп, азамат Ш.-ның әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы бар екендігі анықталды.

Аудандық соттың 2017 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен азамат Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 453 800 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.                                                                                                            

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі