Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы  Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Жалағаш ауданында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, шетел азаматы Ш-ның Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, уақытша тіркелген мекен-жайы  Қызылорда қаласында тұрмай, Жалағаш ауданындағы өзге мекен-жайда тұрғандығы анықталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, екі  тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.   

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі