Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Өзбекстан Республикасының азаматы И-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. 2017 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмай, ҚР-да болу Қағидаларын бұзып, пайда табу мақсатында Қызылорда қаласы, Бейбарыс көшесінің бойында сауда-саттық жұмыстарымен айналысқаны үшін Қызылорда ОІІД-ң полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы И. ҚР ӘҚБтК-ң 517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

 

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі