«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Л.Алибекова, заң кеңесінің адвокаты Ш.Қабақбаев, аудандық соттың мамандары қатысты.

Аудандық соттың бас маманы С.Жалғасбаева тақырып бойынша баяндама жасап, гендерлік саясаттың принципі қоғамда кездесетін қылмыстың алдын алу және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою екенін атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы Конвенциясының талаптарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндірмелер  берілді. 

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі