Қармақшы аудандық соты науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азамат М-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, науқас М. 12.05.2015 жылдан бастап диспансерлік есепте тұратынын, ем барысында дәрілерін ішпей емді үзіп, үнемі спирттік ішімдіктер ішіп, ем-шарадан қашқақтап жүрген.

Қазақстан Респуликасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107-бабы 1,2,3 бөліктеріне сәйкес туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың медициналық құжаттамада тіркелген, дәрігер тағайындаған емделуден бас тартуы негіз болып табылады. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынуы бойынша қабылдайды.

Аудандық соттың шешімімен дерттің әлеуметтік қаупін ескеріп, аудандық ауруханының арызы қанағаттандырылып, науқас 1 жылға мәжбүрлеп емдеуге жолданды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі