Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:
8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0202@sud.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

1.Қармақшы аудандық соты кеңесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4 санаты, 1 бірлік,  индекс №6-1-3)

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 73288 теңгеден  99105 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Сот отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сот отырысының хаттамаларын уақытылы және сапалы түрде дайындайды,  электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып, Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне  хаттамаларды салады. Істердің, арыздардың, өтініш хаттардың, оларға тіркелген құжаттардың және заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Істер қаралғаннан кейін оларды ресімдеуді жүзеге асырады. Алқаларда қаралған істер мен материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуіне жауапты адамға уақытылы беруді жүзеге асырады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) немесе білім саласы (құқық және экономика негіздері)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша мамандықтар.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2.Арал аудандық соты кеңесінің аға сот приставы (С-R-4 санаты, 1 бірлік,  индекс №7-1-7)

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 73288 теңгеден  99105 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Сот отырысы залын соттың қарауына дайындау, кіріп-шығу ережесі талаптарының сақталуын ұйымдастыру, сот ғимаратында және сот залында азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалау, соттар мен сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау және қорғау, сотқа келуден жалтарған тұлғаларды мәжбүрлеп келтіру, қамауға алынған тұлғалардың қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша конвой қызметкерлерімен тығыз байланыс жасау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) немесе білім саласы (құқық және экономика негіздері)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша мамандықтар.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, азаматтық процестік кодексін, қылмыстық процестік кодексін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, іс жүргізу нұсқаулығын білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы№ 40 бұйрығымен  бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған

конкурсты өткiзу қағидаларының  (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына  сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның  электрондық почта не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы  әңгімелесу басталғанға дейін  екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде конкурс комиссиясы тапсырылған құжаттарды бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге  кандидаттарды жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 үй мекен-жайында өтеді.

Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Екі және одан да көп бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесі барысында оған әр үміттенген бос лауазым үшін сұрақтар қойылады.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін
бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

                                                                                                                                       Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

                                                            Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                       «___»_______________ 20 __ ж.

Қайнар: 
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ конкурстық комиссиясы