«Гендерлік саясат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбында «дөңгелек  үстел» өткізілді.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі С.Темірханов, Сырдария аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Дайрабаев, адвокат Қ.Жаппасбаева  және  аудандық соттың мамандары қатысты.

Аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов өз баяндамасында «Гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін және қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын», - айтып өтті.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» барысында әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы Конвенциясының талаптарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндірмелер  берілді. 

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан