Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Е. есірткі затының бір бөлігін шегу арқылы қолданып, қалған жалпы салмағы 10.6 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өзімен бірге заңсыз сақтаған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің полиция қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында сотталушы Е. тоқтатылып, жеке тексеру кезінде сотталушының күртесінің оң жақ қалтасынан есірткі заты кептірілген марихуана табылған.

Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 150 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі