Есірткі затын заңсыз иемденіп сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Әйтеке би кенті Ақан Сері көшесінің бойында,  полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат Б-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде, үстіне киген киімінің қалтасында қағаз қиындысына оралған салмағы 0,91 грамм есірткі заты алынған, яғни ол  кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Сот отырысында сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 (бір жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталушыдан мемлекет пайдасына 46 541 теңге процестік шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі