Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«К» ЖШС-гін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 25.08.2017 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 127 580 789 теңге, оның ішінде бересі – 89 799 054 теңге, өсімпұл – 36 027 915 теңгені құраған.

Борышкердің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздары 2016 жылдан салық есептілігінен пайда болған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, борышкердің ешқандай дүние мүлкі, тіркеу органдары мен банк мекемесінде тіркелмегені анықталған, яғни «О» жеке кәсіпкерінің төлем төлеуге қабілетсіз, сондай-ақ, жалған және әдейі банкроттықтың белгілері, заңсыз жасалған мәмілелері болмаған.

 «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 5 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайтын болса, борышкер төлемге қабілетсіз болып табылады деп атап көрсетілген.

Бірінші саты соты, іс бойынша дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.      

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі