Даулар медиация тәртібімен шешілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу тәсілі қолдана отырып қаралуда.

Медиация рәсімін кеңінен қолдану бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, осы күні айтысудан шаршаған іс тараптарының өзара келісімге келіп, адамгершілік қарым-қатынастарын сақтап қалуына ықпал етуде.

 Сондай-ақ, Медиация туралы Заңның өміршеңдігі, халыққа тиімділігі дәлелін табуда.  

Қызылорда қалалық сотымен осы күнге дейін 200 жуық азаматтық іс медиация, оның ішінде сот медиациясы, медиаторлар қатыса отырып шешілген даулар және тараптардың адвокаттары тарпынан жасалған келісім, яғни партисипативтік медиация қолданып істер қаралған.

Медиация рәсімін насихаттау мақсатында, барлық мемлекеттік органдар мен тұрғындар көп шоғырланатын орындарда баннер орнатылып, тиісті басылымдар арқылы ұдайы Медиация туралы Заңымен жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесі туралы хабарламалар берілуде.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі