Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 6 600 000 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына  сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың татуласу келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі