Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында жаңа АПК-нің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында азаматтық іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен олардың келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.

Талап қоюшы И. сотқа жауапкер И-ге қарыз ақша өндіру жайлы талаппен жүгінген. Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья Ә.Түбекбаева тараптарға дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.

Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.

Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық процестік кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Сонымен қатар талап қоюшыға 6050 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі