Бітімгершілік келісім жасау талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістері көзделген. Оның ішінде бітімгершілік келісім.

2017 жылы 12 мамырда Жалағаш аудандық сотында «Бітімгершілік келісім туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға аудандық соттың судьясы Т.Темірбаев, аудан прокурорының көмекшісі Ж.Еркінов, қорғаушы Ә.Хусаинов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және сот мамандары қатысты.

Судья тараптарға судьялардың татуласуға барлық іс шараларды қабылдау қажеттігін, сонымен қатар бітімгершілік келісімнің тәртібі жөнінде айтты. Атап айтқанда, бітімгершілік келісімнің мәні, түрі  және қандай даулар бойынша келісімге келудің мүмкіншілігі жоқтығын түсіндірді. Дөңгелек үстелге қатысушылар туындаған сұрақтарды талқыға салып, өз пікірлерімен бөлісті.

Отырыстың соңында аталмыш негізде қысқартылған істер жөнінде статистикалық деректемелер және сот тәжірибесінде болған мысалдар туралы айтылды.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі