Автокөлікті құқыққа сыйымсыз иеленіп алып кеткені үшін бас бостандығы шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Т. алкогольден масаң күйінде, жәбірленуші А-ның Әйтеке би кентіндегі темір жол вокзалының жанында тұрған автокөлікті жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алып кеткен.

Басты сот талқылауында сотталушы Т-ның қылмыстық әрекеті өзінің мойындау жауабы және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Сотталушы Т. жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды. Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 500 000 теңге, мемлекет пайдасына мемлекеттік баж алымы 5000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі