Автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қомақты айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы Б. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 453 800 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі