Автобустар аялдамасын ластағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында  азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат С. автобустар аялдамасы жанында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен, азамат С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі