Аудандық сотта брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сотының судьясы Е.Құтыбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотталғандар Д. мен О-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар Д. мен О. бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы, «Аккорд-Окан» мекемесінің гаражының ауласындағы асфальт шығаратын зауытқа тартылған электр тоқ сымдарын қиып алып, жасырын жымқыру мақсатында ұрлық жасаған.

Сот үкімімен сотталушылар ұрлық  қылмысын жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, бас бостандығынан шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі