Аса ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған сотталушы Б-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Б. көршісі К-ның баласы М-ның үйіне барып, гараж ішіндегі денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, үсті қанмен ластанған мәйітті көріп, оның бұрын соңды өзімен бірге жұмыс жасаған адам  Д. екендігін таныған.

Сотталушы Б. көршісіне мәйітті жуып, тазалауға, марқұмның денесін ата-анасының үйіне автокөлікпен алып баруға көмектескен. Яғни, сотталушы Б. жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламаған.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазаланды. ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігінің қағидалары бойынша бас бостандығынан шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал, сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі