Арал аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, медиаторлардың және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен, «Нотариустің татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы Е.Тұрбаев шараны ашып, қатысушыларға бұл кездесудің басты мақсаты БАҚ-пен және ҮЕҰ-мен өзара байланысты нығайту және сот әділдігін жүзеге асыру жүйесінде жүргізіліп жатырған жаңалықтармен көпшілікпен бөлісу болып табылатындығын айтты.

Бұдан соң сот төрағасы «Нотариат туралы» Заңның 17 бабы, нотариустердің татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқығы бар екендігі көзделген 8) тармақшамен толықтырылғанын, нотариат институтымен жалпы медиация, нотариустердің кешенді құқықтық көмек көрсету концепциясымен байланысты міндеттерді шешуіне мүмкіндік беретін, тараптардың бітімге келулері үшін көмек көрсетуге бағытталған, нотариустердің қосымша қызметтерінің бірі ретінде қарастырылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, заң үстемдігі принципін іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын татуластыру процедураларын одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев медиацияның артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдауымен құнды екенін, медиация үдерісінде жеңілуші мен жеңуші болмайтынын айтып, «Медиация туралы» заңның тиімді, пайдалы жақтарына тоқталды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар осындай шараларды өткізудің маңыздылығын айтып, БАҚ-пен және ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев сот жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісіп отыру мақсатында, алдағы уақытта осындай бас қосулардың жиі өткізіліп тұратынын айтты.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі